Экономика
1 мин оқу 130
Украиналық іскер ортамен байланыс нығайды
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің атсалысуымен «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов және Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Геннадий Чижиков бейнебайланыс режимінде келіссөздер жүргізді. Бұл туралы палатаның ресми сайты хабарлайды.</p>

Сұхбат барысында тараптар COVID-19 эпидемиясының таралуын болдыртпау бойынша мемлекеттерде қолданылып жатқан шаралар және екі ел үкіметінің карантин жағдайында экономикаларын қолдау бойынша ақпаратпен алмасты. Осы ретте спикерлер сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуда үлкен әлеуеттің барын атап өтіп, эпидемиядан кейін палаталар арасындағы өзара байланысты нығайту бойынша қадамдар белгіленді.
Бөлісу: