Аймақтар
1 мин оқу 230

Алматыда 10 мыңнан астам адам COVID-19 індетіне тексерілді

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте қалалық Тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді.</p>

Алматыда 10 мыңнан астам адам COVID-19 індетіне тексерілді

«Мегаполисте 10 мыңнан астам адам қауіпті індетке тексерілді. Соның ішінде 93 жағдай расталды», – деп атап өтті спикер.

Ауырғандардың басым бөлігі мына рейстермен ұшып келген. Атап айтқанда, Мәскеу – 33%, Ыстамбұл – 25%, Берлин – 16%, Санкт-Петербург – 13%, Минск – 13%.

«Жас шамасына қарай алатын болсақ, індет жұқтырғандардың көбі 20-29 жастағылар. Екінші орында 30-39 жас және үшінші, төртінші орында 40-49 жас және тиісінше 50-59 жас та бар. 60 жастан асқан, яғни осал топтағылардың арасында 7 жағдай тіркелді», – деді А. Молдағасымова.

Брифингті қорытындылаған қаланың Бас санитарлық дәрігері мегаполисте тестілер, реагенттер, барлық қажетті аппараттар мен тексеру жүргізетін құралдар жеткілікті екенін атады.

Бөлісу:
Алматыда 10 мыңнан астам адам COVID-19 індетіне тексерілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар