Коронавирус
1 мин оқу 286

28 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды - Елжан Біртанов

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда карантиндік стационарлардағы 28 медицина қызметкері коронавирустық инфекция жұқтырды. Бұл туралы&nbsp; Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.</p>

«Елімізде коронавирус жұқтырған 28 медицина қызметкері анықталды. Қазір әр жағдай бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп, оның себептері анықталуда», деді Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша жұмыста болмаған дәрігерлер де вирус жұқтырған. Олар жеке топқа бөлініп, тиісті ем қабылдауда.

«Вирус табылған жұмыс орындарында санитарлық-эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі. Медициналық немесе басқа да еңбек ұжымдары карантинге жіберіледі. Әрине, науқастар емделіп жатқан ғимараттарда қауіп басым. Сондықтан ондағы медициналық қызметкерлерге ерекше көңіл бөлеміз», деді Е. Біртанов.

Бөлісу:
28 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды - Елжан Біртанов · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар