Аймақтар
1 мин оқу 174

Алматыда зертханалар саны артады

<p style="text-align: justify;">Алдағы&nbsp; күндері Алматыда коронавирус инфекциясын анықтайтын зертханалар саны екі есеге көбейетін болады.</p>

Алматыда зертханалар саны артады

Қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымованың айтуынша, жақында Алматыда тағы 3 зертхана коронавирус инфекцияларын анықтауға көшеді.

«Бізде  бұған дейін 3 зертхана жұмыс істеген болса, бұған алдағы күндері тағы 3 зертхана қосылады. Олардың бірі Корея мен Қазақстанның бірігіп ашқан жекеменшік зертханасы. Бұл ұйымның арнайы рұқсат құжаттары бар. Сондай-ақ, «Олимп» клиникалық диагностикалық зертханасының да арнайы рұқсаты бар. Сосын СПИД орталықтың лабораториясы қосылатын болды», - деді онлайн брифинг барысында департамент басшысы Айзат Молдақасымова.

Оның айтуынша, «Олимп» КДЗ бірнеше күннен соң жұмысқа кіріседі. Ал Корея-қазақстандық компания жұмыс істеп жатыр. ЖИТС орталық жұмыс материалдарын жеткізу бойынша келісім шарт жүргізіп жатыр. Шаһарда соңғы тәулікте қауіпті індет жұқтырған бір ғана науқас  анықталған.

Бөлісу:
Алматыда зертханалар саны артады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар