Аймақтар
1 мин оқу 170

Түркістан: Мектеп бітіруші түлектер ҰБТ-ға онлайн режимде дайындалады

<p>Түркістан облысының мектеп бітіруші түлектері ҰБТ сынағына үйден шықпай онлайн режимде дайындалады.</p>

Түркістан: Мектеп бітіруші түлектер ҰБТ-ға онлайн режимде дайындалады

Облыстық Қоғамдық даму басқармасы мен «Ontustik» телеарнасы және Адами әлеуетті дамыту басқармасы бірлесе қолға алған жаңа жоба 6 сәуірден бастап іске қосылатын болады. Онлайн сабақта өңірдің ең үздік ұстаздары дәріс оқиды.

Әрбір сабақтың ұзақтығы 20-30 минутты қамтымақ. Осы уақыт аралығында онлайн оқу бағдарламасына сәйкес ұстаздар 2-3 тапсырманы түсіндіріп өтеді. Күн сайын екі пән бойынша дәріс беріледі деп жоспарлануда. Жобаны әзірлеушілер онлайн сабақтар 11 сыныптың оқу бағдарламасына негізделгенін айтуда.

Бөлісу:
Түркістан: Мектеп бітіруші түлектер ҰБТ-ға онлайн режимде дайындалады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар