Аймақтар
3 мин оқу 170

Петропавлға бағыт алған көліктер легі күрт төмендеді

Қызылжар қаласында бүгін үшінші тәулік бойы карантин. Қазір қалада жүрген адам саны барынша сирек. Тек әне жер-міне жерде ғана бір адамды көріп қаласың. Жұрттың бәрі карантиннің талабын орындап, бейсауат жүргені үшін төленетін айыппұлдан сақтанып, үйлеріне тығылған сияқты.  Көлік саны да Кеңес одағы жылдары сияқты, кептеліс түгілі, 10-15 минөтте бір мәшине ғана өтеді.

Петропавлға бағыт алған көліктер легі күрт төмендеді

Шектеу шаралары, одан кейінгі карантиненгізілген сәттен еліміздің Солтүстік қақпасы аумағына қарай ағылған автокөліктердің легі де күрт азайды. 1 сәуірден бастап облыс орталығына кіруді шектейтін 6 блокбекет арқылы 838 автокөлік пен көлікте болған 1132 ғана адам өткен. Бұрынғы кездермен салыстырғанда бұл 2-3 есе азайған деген сөз. Нақты айтсақ, 2 сәуірде өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда автокөлік ағыны 281 автомашинаға және ондағы адамдардың саны 362-ге дейін азайған. Келгендердің дені тек қалада жұмыс істейтін адамдар ғана. Қала іргесінде «Қызылжар ауданының орталығы болып саналатын «Бескөл» атты ірі ауыл бар, соның тұрғындарының көбі қалада жұмыс істейді. Қазір Қызылжарға негізінен тек солар ғана еніп жатыр. «Блокбекеттер жұмысының мақсаты – коронавирус пандемиясы жағдайында адамдардың жүріп-тұруын барынша азайту», - дейді облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары,полиция майоры Александр Розбах. «Қазіргі уақытта қалада жұмыс істейтін адамдарға шаһарға ену үшін жұмыс орны берген анықтама ғана негіз бола алады. Қызылжар ауданының әкімдігі Петропавлда жұмыс істейтін адамдардың тізімін дайындады, ол бойынша жұмысшыларды өткізу жүзеге асырылады. Медициналық мекеменіңанықтамасы болған жағдайда, емделуге мұқтажадамдар облыс орталығына кіріп-шыға алады. Жеке кәсіпкерлер сауда орындарына тауар сатып алуүшін қалаға кіруіне болады. Сонымен қатар, азық-түлік пен өзге де тұтыну тауарларынтасымалдайтын автокөліктердің өтуіне рұқсатетілген. Түнгі уақытта транзиттік жүк көлігі, сондай-ақ халыққа қажетті ауылшаруашылық жәнебасқа да тауарлары бар жүк көлігінен басқаларғақалаға кіруге тыйым салынады», дейді ол.

Солтүстік Қазақстан облысы

Бөлісу:
Петропавлға бағыт алған көліктер легі күрт төмендеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар