Аймақтар
1 мин оқу 560
Қызылорда: Бір аптаның баяны
<p style="text-align: justify;">Қызылордада вирус жұқтырған алғашқы тұрғын анықталғалы бері тура 1 апта өтті. Жеті күннің ішінде жасалған жұмыс жайлы бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов онлайн режімде брифинг өткізді.</p>

Бас дәрігер осы уақытқа дейін облыс аумағында 15 ошақ, 28 науқас тіркелгенін атап өтті. Талапқа сай ошақтарға дер кезінде санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар жасалып, басқа да қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қызылорда қаласы мен Жаңақорған ауданында карантин жарияланып, басқа аудандарда да бірқатар шектеулер енгізілді.
– Науқастармен қарым-қатынаста болған 715 адам анықталып, олардың бәрі тексерілді. Сонымен қатар, өзге облыстан келген 5 мыңнан аса студент пен қауіптілігі жоғары елден келгендер де бақылауға алынды. Жаңадан 20 қорап сынама тест жеткізілді, – деді облыстың бас дәрігері.
Бөлісу: