Әлем
1 мин оқу 453

Үндістанда Корона мен Ковид дүниеге келді

<p style="text-align: justify;">Үндістанның Райпур қаласында екі егіз дүниеге келіп, оларға &laquo;Корона&raquo; және &laquo;Ковид&raquo; деген жаңа есімдер берілді.</p>

Үндістанда Корона мен Ковид дүниеге келді

Егіздердің 27 жасар анасы РТІ ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Менің егіз нәресте тапқаныма таңырқаған акушерлер «корона және ковид сияқты екеу келді» деп әзілдеді. Осы оқиға балаларыма індеттің атын қойуыма түркі болды. Мұндағы мақсат-ниетім: жаһанды жайлап бара жатқан дерттің беті қайтсын деген ырым. Алдағы уақытта есімдерін өзгерттеуім де мүмкін. Ең бастысы, індеттен халқым, жұртым аман болсыншы», - депті.

Расында, бұл елде дәл қазір індет жұқтырушылар саны күннен-күнге көбейіп келеді. Бір тәулік бұрынғы мәліметке жүгінсек, 2567 адам дерт жұқтырып, өлім-жітім саны 70-тен асқан көрінеді.

Бөлісу:
Үндістанда Корона мен Ковид дүниеге келді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар