Аймақтар
1 мин оқу 1,060

Павлодар облысы: Шұға, Жалаулы, Шолақсор ауылдары су тасқынын күтуде  

<p style="text-align: justify;">Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің коммуникациялар тобы қызметінің мәліметінше, департамент бастығы, Азаматтық қорғау полковнигі Ернұр Өтегенов бастаған Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арынов, &laquo;Қазгидромет&raquo; мекемесінің облыстық филиалының директоры Маржан Құсайыновалар Ақтоғай ауданының су тасқыны қауіпті жерлерін аралады.</p>

Павлодар облысы: Шұға, Жалаулы, Шолақсор ауылдары су тасқынын күтуде   

Жыл сайын көктемде Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасынан келетін  су қар суымен араласып ауылдарға қауіп  төндіреді. Қазір Сілеті  су қоймасынан су жіберу тұрақты бақылауда.

а

Ауданның Шұға, Жалаулы ауылдары Селеті өзенінің жанында орналасса, Сілеті су қоймасынан су жіберу кезінде су түгелдей Шолақсор ауылына келеді.

Жалаулы ауылының маңындағы су өткізетін құбырлар тазаланыпты.

Шолақсор ауылының маңында 2 құбыр салыныпты, ұзындығы 2 шақырым жолдың деңгейі көтерілген, облыстың бюджетінен 43,2 миллион теңге бөлінген.

Жалпы, аудан бойынша көктемгі кезеңнің су тасқынының алдын-алу үшін 100 тонна интерттік материал, 100 тонна шлак, 5000 қап сыйымдылық дайындалған.

Еріген суды сорып алу үшін жылжымалы сорғы стансасы бар. Ауылдардан 5 277 тонна қар шығарылған.

Аудандағы су тасқынына қарсы іс-шараларының жоспарына сәйкес облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен техника құралдары дайын.

Павлодар облысы

Сурет: департаменттен жіберілді

Бөлісу:
Павлодар облысы: Шұға, Жалаулы, Шолақсор ауылдары су тасқынын күтуде   · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар