Аймақтар
1 мин оқу 3,751

Түркістан облысы: Ауылдағылар ақылдаса келе, оңтайлы шешім қабылдады

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысы Жетісай ауданында коронавирус жұқтырғандар санының 13- ке жетуі ауылдағыларды алаңдатып отыр. Ауданда карантин енгізіліп, сақтық шаралары күшейтілген. Екі бірдей ауыл қоршауға алынып, дерттің таралмауына барынша күш салынуда.</p>

Түркістан облысы: Ауылдағылар ақылдаса келе, оңтайлы шешім қабылдады

Дегенмен Құрбан ата ауылының тұрғындары жаман індеттің алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында ауылдың кіреберіс қақпасына блок-бекет орнатты. Тұрғындар ақылдаса келе осындай шешім қабылдаған.  Ауылдың Жетісай қаласына жақын орналасуы және келімді-кетімді адамдардың көптігі де блок-бекет орнатуға себеп болса керек. Бүгінде Құрбан ата ауылында 300 ден астам үйде 2793 адам тұрады. Қазіргі таңда ауылға тіршілікті қамтамасыз ету мақсатында кіріп-шығатын көліктер тіркеуге алынып, түгелдей дезинфекциядан өткізілуде.

Түркістан облысы

Бөлісу:
Түркістан облысы: Ауылдағылар ақылдаса келе, оңтайлы шешім қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар