Аймақтар
1 мин оқу 410

Қызылорда: Алты адамнан вирус белгісі табылды

<p style="text-align: justify;">Кеше түнде Қызылордада тағы 6 адамның COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Облыс әкімдігінің хабарлауынша алтауы да Шиелі ауданынан.</p>

Қызылорда: Алты адамнан вирус белгісі табылды

Олар бұған дейін вирус жұқтырған адамдармен тығыз қарым-қатынаста болғандар қатарында карантиндік стационарға жатқызылған екен.

«Қазір жағдайлары қанағаттанарлық. Науқастар оқшау орында тиісті емдерін қабылдап жатыр»  делінген  әкімдіктің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында

Жалпы бүгінге дейін облыста  37 адамнан вирус табылып отыр. Қызылорда қаласында 6, Жаңақорған ауданында 16, Қармақшыда  4,  Шиеліде 11  жағдай  анықталған.

Бөлісу:
Қызылорда: Алты адамнан вирус белгісі табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар