Экономика
1 мин оқу 540

Алдағы күндері доллар 425-430 теңгеге дейін түсуі мүмкін бе?

<p style="text-align: justify;">Бүгін таң атқалы бері сарапшылар &nbsp;&nbsp;&laquo;Соңғы күндері теңге неге&nbsp; қымбаттады, бұл бағаны қанша уақыт ұстап тұрады?&raquo; деген сұраққа әр қырынан келіп, жауап беруге тырысып жатыр.&nbsp;&nbsp; Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының &nbsp;&nbsp;басқарушы директоры&nbsp; Олжас Төлеуов &nbsp;Tengenomika телеграммасында осы сұраққа жауап беріпті.</p>

Алдағы күндері доллар 425-430 теңгеге дейін түсуі мүмкін бе?

Сарапшының  пікірінше, қазіргі баға уақытша. Теңгенің тағдыры ОПЕК + елдерінің кезекті бас қосуының  нәтижесіне байланысты.  Осы жиынға Бразилия, Канада, Норвегияның қатысуға ниет танытуы мұнайдың әлемдік бағасын  барреліне 33-34 доллар аралығында ұстап тұруға мүмкіндік берді.

«Осыған байланысты, теңге қымбаттады. 1 АҚШ доллары  438,8 теңгеге  дейін төмендеді.  Сонымен қатар, Brent бағасының баррелі үшін 40 долларға дейін өсуі мүмкін, ОПЕК + аясында  мұнай өндіруді қысқарту туралы жаңа келісімдерге қол жеткізілсе  1 АҚШ долларының бағасы  425-430 дәлізінде сақталады.   Алайда, келіссөздер сәтсіз болған жағдайда USD- KZT 445-448 белгісіне қайта оралуы мүмкін», деп жазды Олжас Төлеуов.

Бөлісу:
Алдағы күндері доллар 425-430 теңгеге дейін түсуі мүмкін бе? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар