Аймақтар
1 мин оқу 453
Түркістан: Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тіркелді
<p style="text-align: justify;">Түркістан облысында 6 сәуірдегі соңғы мәлімет бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тіркелді. Жалпы өңірде 33 адамда коронавирус індеті расталды.</p>

Соңғы тіркелген бесеудің бірі арыстық 2018 жылғы бүлдіршіннен және Кентау қаласының 1982 жылғы, 2003 жылғы, 2005 жылғы тұрғындарынан алынған талдама нәтижелері бойынша олардың вирус жұқтырғаны анықталды. Аталған науқастар Шымкентке Нұр-Сұлтан қаласынан 076 поезбен келген жетісайлық азаматшамен байланыста болған жақын туыстары. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда. Олармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан облысы
Бөлісу: