Коронавирус
2 мин оқу 1,130

Инфекцияның таралу қарқыны төмендеді

<p style="text-align: justify;">Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында елдегі коронавирустық инфекцияның ағымдағы жағдайына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Шараға Мемлекеттің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова қатысып, ағымдағы жағдай туралы ақпарат берді.</p>

Инфекцияның таралу қарқыны төмендеді

Баяндама барысында Бас санитар карантиндік шараларды сақ­таудың маңызына тоқталып, індет жағдайы әлемде әлі де тұрақ­сыз болып отырғанын алға тартты.

«Қазақстанда коро­на­ви­рустық инфекцияны жұқтырудың 604 жағдайы тіркелген. Оның ішінде республикалық маңызы бар қалаларда: Нұр-Сұлтан – 219, Алматы қаласында – 116, Шымкент қаласында – 14 жағдай. Өңірлерде: Қарағанды облысы – 48, Қызылорда облысы – 37, Атырау облысы – 29, Түркістан облысы – 28, Жамбыл облысы – 29, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Ақмола облысы – 23, Ақтөбе облысы – 11, Алматы облысы – 10, Шығыс Қазақстан облысы – 6, Маңғыстау облысы – 5, Батыс Қазақстан облысы – 2, Павлодар облысы – 1, Қостанай облысы – 1. Солардың ішінде 122 науқас сырттан келген, 351-ден астам жұқтыру жағдайы адамдармен қарым-қатынас кезінде орын алған. Бүгінде 45 науқас шығарылды. Олардың 24-і Нұр-Сұлтан қаласынан, 21-і Алматы қаласынан. Қазіргі уақытта коронавирустан 6 адам қайтыс болды. Ақмола облысында 2 адам, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Қарағанды және Түркістан облыс­тарында 1 жағ­дайдан тіркелді. Жалпы алғанда барлығы 17 мың­нан астам бір-бірімен байланыста болған тұлғалар тіркелген, 10 мыңнан астам азамат үй каран­тинінде. Бүгінгі таңда жұқты­рудың 85%-ы жеңіл және симп­томсыз ағымға ие, 11,5%-ы «ауыр­лығы орташа» деп ба­ға­ланды, 16 пациенттің жағдайы «ауыр» деп бағаланды», деді ол.

Бас санитарлық дәрігер ен­гізілген бақылау-шектеу шаралары инфекцияның таралу қарқынын төмендететінін ерекше атап өтті.

«Бүгінгі таңда енгізілген шектеу шаралары инфекцияның таралуын азайтты. 27 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы індетті жұқтырудың дерегі 5 сәуірде 60 жағдайдан 0 жағдайға дейін, Алматыда күн сайынғы өсім 15-тен 6 жағдайға дейін төмендеді», деді бас санитар.

Сонымен қатар Айжан Есма­ғамбетова Қызылорда, Қара­ғанды, Түркістан, Атырау облыстарында сырқаттанудың жо­ғары өсімі тіркелгендіктен, аталған өңірлерде қосымша шектеу шараларын енгізу қажеттігін атап өтті.

Бөлісу:
Инфекцияның таралу қарқыны төмендеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар