Қоғам
2 мин оқу 181

Сенімге серпін берген мәлімдеме

<p style="text-align: justify;">&laquo;Ханда қырық кісінің ақылы бар&raquo; дейді халық даналығы. Тарих көшінің дауылы мен жауынында, селі мен сеңінде, өрті мен дертінде көнермеген осы есті сөздің бір көркем көрінісі болды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мәлімдемесін айтып отырмын. Өмірдің өзекті, өткір мәселелері кемел оймен кеңінен қамтылған бұл мәлімдеме бүгіні бекем халықтың жарқын келешекке деген сеніміне қуатты серпін берді.</p>

Сенімге серпін берген мәлімдеме

Адамның ақыл-парасаты, алдағыны көріп, алысты болжайтын алғыр ойлы кемеңгерлігі сын сағаттарда сыналады. Туысы бөлек бекзат тұлғалар оқыс оқиға, қиын жағдайларда асып-саспай, асқан ақылдылықпен шұғыл әрі дұрыс шешім қабылдап, жедел әрекет жасайды. Айтып келмеген алапат апат – коронавирус әлемдік пандемиясы тым тез тарап, дүние жүзін әбігерге салып, алпауыт державалардың басшылары да абыржып қалған қысылтаяңда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің тумысы бөлек бекзат тұлғалығын танытып, біраз мемлекеттерден бұрын жедел әрі өте дұрыс ше­шім қабылдап, елімізде тө­тенше жағдай жариялады. Бұл аса қауіпті дерттің алдын алуға, оның кең тарамауына сенімді тосқауыл болары анық.

Өзім тұрып жатқан Алма­ты­ның кіреберісіне 27 блок-бекеттің қойылуы, азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды сататын орын­дардан басқа ірі сауда, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмысының тоқтатылуы, тағы басқа да шаралар халықты аса қатерлі, өте жұқ­палы дерттен сақтау үшін қа­был­данған бірден-бір дұрыс шешім.

Жаратқан иемнің мейірімі түсіп ерекше жаратылған ақыл-парасат иелері небір қиын кезде де қиындықтан қиюын тауып, қатты шиеленген түйіндерді де тарқата алады. Соның мықты бір мысалы Қазақстан Президентінің біраз мемлекеттерден бұрын қи­мылдап, ертерек елімізде тө­тен­ше жағдай жариялап, оқи­ғаның алдын алып, уақыттан озғандығынан көрініс тапты.

Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай: «Ең бастысы шы­дам­дылық, төзімділік танытайық».

Соломон айтқандай: «Бұл да өтеді».

Аман болайық.

Сәбит ДОСАНОВ,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Бөлісу:
Сенімге серпін берген мәлімдеме · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар