Аймақтар
1 мин оқу 220

Тұрғындар төтенше жағдай тәртібін неге жиі бұзады?

<p style="text-align: justify;">Алматы облысының прокуратурасы жария еткен мәліметтерге қарасақ, аймақ тұрғындары арасында төтенше жағдай тәртібін бұзушылар азаймай отыр.</p>

Тұрғындар төтенше жағдай тәртібін неге жиі бұзады?

Бүгінге дейін 195 заңға қайшы әрекет анықталып, 38 адам қамауға алынған. Ал 151 тұлғаға әкімшілік айыппұл салынып, 6 тұрғынға ескерту берілген екен.

Ескерту мен сақтық шарасының күшейгеніне қарамастан, карантин ережесіне пысқырмау оқиғасы да қайталаныпты. Мысалға, Сарқан ауданында үй карантинінде жатқан Ресей федерациясының азаматы оқшаулау тәртібін өрескел бұзып, дүкен аралап кеткен. Сол себепті аудандық аурухананың жедел дәрігерлер тобы оқшауланған адаммен байланыста болған тұрғындардың барлығын қайта тексеруге мәжбүр болыпты. Ал тәртіпсіз тұлғаға 10 айлық мөлшерде айыппұл салынды.

Сондай-ақ Іле ауданының екі тұрғыны WhatsApp желісі арқылы санитарлық бекеттегі полицейлер мен аудандағы дәріханашының коронавирус жұқтырғаны жайында жалған ақпарат тартқаны үшін ұсталды. Олар кінәсін мойындап, жария түрде кешірім сұраған.

Бөлісу:
Тұрғындар төтенше жағдай тәртібін неге жиі бұзады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар