Аймақтар
1 мин оқу 270

Гүлзада тіккен бетперде

<p style="text-align: justify;">Елімізде бастау алған &laquo;Birgemiz&raquo; жобасы аясында азық-түлік себетін алған Гүлзада Мұқасалиева медициналық маска тігуде.</p>

Гүлзада тіккен бетперде

Оның айтуынша, Nur Otan партиясы Атырау облыстық филиалының волонтерлері «Birgemiz» жобасы аясында азық-түлік себеті мен медициналық мас­каларды, сонымен бірге антисептикалық құралдарды жеткізіп берген.

«Бұл – біз үшін үлкен көмек. Өйткені мен мүмкіндігі шектеулі үш баланы тәрбиелеп отырмын. Ал жұбайым денсаулығына байланысты ұдайы дәрі-дәрмек қабыл­дайды. Тұрақты жұмысы жоқ. Мемлекет тарапынан бұған дейін де әлеуметтік жағдайымыздың төмендігіне байланыс­ты әлеуметтік қолдау жасалып келді. Әсіресе Nur Otan партиясының Атырау облыстық филиалы үнемі жәр­дем­десіп тұрады» дейді Атырау қаласының тұрғыны Гүлзада Мұқасалиева.

Бұған дейін тапсырыс алып, түрлі тағам пісірген екен. Төтенше жағдай енгізілгеннен бері медициналық маска тігіп, 100 данасын әлеуметтік тұрғыдан аз қам­тыл­ған отбасыларға тегін таратып келген. Қазір маскаларды қолжетімді бағамен сатуда. Оған тұрғындардан да, жергілікті әкімшіліктен де сұраныс бар.

Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ

 

АТЫРАУ

Бөлісу:
Гүлзада тіккен бетперде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар