Аймақтар
1 мин оқу 172

Қордай ауданында қауіпсіздік шаралары күшейтілуде

<p style="text-align: justify;">Бүгінгі таңда Жамбыл облысының Қордай ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 29 дерегі тіркеліп отыр. Оның ішінде 13 азамат Қордай ауданының тұрғындары болса, 2 азамат Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Сонымен қатар, 1 азамат Қостанай облысынан, 2 азамат Қырғыз Республикасынан келген. Сондай-ақ, 11 адам транзиттік жүк көліктерінің жүргізушілері болып шықты. Бүгінде барлық азаматтар Тараз қаласындағы инфекциялық стационарға ауыстырылған.</p>

Қордай ауданында қауіпсіздік шаралары күшейтілуде

Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша Қордай ауданының аумағына карантин жарияланған болатын. Қазіргі кезде қауіпті індеттің алдын алу бойынша 8 блок-пост орнатылып, тексеру шаралары күшейтілген. Барлық бекеттер қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталып, жол белгілері орнатылған. Мұнда 100 полиция қызметкері, 16 орталық аурухана, 9 аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері жұмыс атқарады.

Аталған блок-бекеттердің жұмысы аудан әкімінің тікелей бақылауына алынған. Ағымдағы жылы 6 сәуірден бастап аудан аумағында ерекше карантин енгізіліп, жалпы қатынасқа шектеу қойылды. Алайда, ауыл шаруашылығы саласындағы көктемгі егіс дала жұмыстарына жұмылдырылған техникалардың қозғалысына шектеу жоқ.

Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар қалыпты жұмысын жалғастыра береді. Қауіпті індеттің алдын алу мақсатында ауданның барлық ауылдық округтерінде, қоғамдық орындар мен көшелерде күніне екі рет санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Залалсыздандыру жұмыстарына аудандық коммуналдық, ветеринарлық қызмет мекемелері мен жеке кәсіпкерлерден жалпы 32 техника тартылған.

Бұдан бөлек, азық-түлік сататын дүкендер мен сауда орындарында үздіксіз залалсыздандыру жұмыстарының жүргізілуі бақылауда.

Ал, аудандағы қайырымды азаматтардың демеушілігімен 469 аз қамтылған отбасына және бюджеттің көмегімен 662 отбасына азық-түлік себеттері таратылған. Сондай-ақ, ауданның 5 жеке кәсіпкері 17 тігіншіні тарту арқылы медициналық маска тігу кәсібін жүргізуде.

Жамбыл облысы

 

Бөлісу:
Қордай ауданында қауіпсіздік шаралары күшейтілуде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар