Аймақтар
1 мин оқу 280

Қызылорда облысында қылмыс азайды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес төтенше жағдай режимі кезінде Қызылорда облысында қоғамдық тәртіпті сақтау қатаң бақылауға алынды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Қызылорда облысында қылмыс азайды

Стратегиялық маңызы бар объектілерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Адамдар көп жиналатын орындардың, түрлі қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылды.

Ойын-сауық, спорттық және басқа да iс-шараларды өткiзуге тыйым салынды.

Қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында қосымша Ұлттық гвардия сарбаздары жұмылдырылды.

Төтенше жағдай кезеңі жарияланғаннан бастап облысымызда қылмыстылық ахуал тұрақты.

Төтенше жағдай жарияланған 16-шы наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін барлығы 341 қылмыс тіркеліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 43%-ға азайған (603/341).

Оның ішінде меншікке қарсы жасалатын қылмыстар 65%-ға төмендеген, яғни ұрлық 60%-ға, тонау 20%-ға, қарақшылық 50%-ға төмендесе, қоғамдық орындарда жасалатын бұзақылық қылмыстары 67%-ға азайған.

– Зорлау және ауыр дене жарақатын салу қылмыстары тіркелмеген. Басты мақсат - төтенше жағдай кезінде қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу, – делінген облыстық прокуратура таратқан ақпаратта. 

Бөлісу:
Қызылорда облысында қылмыс азайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар