Аймақтар
1 мин оқу 260

БҚО: «Берекелі жамағат» блок-бекеттерге ыстық тамақ апарды

<p style="text-align: justify;">Күшейтілген карантиндік режимге байланысты БҚО Бөрлі ауанында Ақсай-Шыңғырлау, Ақсай-Федоровка, Подстепное-Илек, Бөрлі-Ақсай-Жымпиты тас жолдарында 4 блок-бекет орналастырылғаны белгілі. Сол блок-бекеттерде ауданымыздың құқық қорғау қызметкерлері қалтқысыз міндеттерін атқауда. Блок-бекеттегі кезекшілерге Ақсай қаласы мешіті ұжымы мен &laquo;Берекелі жамағат&raquo; еріктілер қоры түскі ас апарып берді. Бұл туралы muftyat.kz сайты мәлімдеді.</p>

БҚО: «Берекелі жамағат» блок-бекеттерге ыстық тамақ апарды

Ақсай-Федоровка блок-бекетіне Бөрлі ауданы полиция бөлімінің басшысы Дәурен Өтеғұлов пен ауданның бас имамы Қанат Жакенов барды.

- Аты жаман аурудың тез таралуы баршамызды алаңдатып отырғаны рас. Вирустың таралмауына осындай блок-бекетер бөгет бола алады. Сіздердің ерен еңбектеріңіз қашан да бағалы екендігі даусыз. Қызметтерін қырағылықпен атқарып жатырған жерлестерімізге біз де қолымыздан келгенше қолдау білдіргіміз келді, - деді бас имам Қанат Қуанышбайұлы.

Дәурен Бақтығалиұлы да жергілікті полиция қызметкерлері атынан «Берекелі жамағат» еріктілер қорына алғысын жеткізді.

Бөлісу:
БҚО: «Берекелі жамағат» блок-бекеттерге ыстық тамақ апарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар