Аймақтар
1 мин оқу 374
Түркістан: Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 34-ке жетті
<p style="text-align: justify;"><span lang="KZ">Түркістан облысында 8 сәуірдегі соңғы мәлімет бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам тіркелді. Өңірде қазіргі таңда жалпы 34 адамда коронавирус індеті расталып отыр. </span></p>

Індет жұқтырған азамат 1995 жылы туған Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округі, Дербес ауылының тұрғыны. Ол COVID-19 инфекциясы расталған азаматпен жақын байланыста болған.
Жалпы облыс бойынша Жетісай ауданында – 14 адам тіркелген, оның ішінде 64 жастағы азамат 4 сәуір күні қайтыс болды. Сондай-ақ, Кентау қаласында - 5, Ордабасы ауданында - 2, Сайрам - 2, Мақтарал - 4, Арыс - 6, Сарыағаш ауданының 1 тұрғыны індетке шалдыққан. Вирус жұқтырған азамат оқшауланған, ем қабылдауда.
Түркістан облысы
Бөлісу: