Экономика
2 мин оқу 1,110

Жыл басынан бері зейнетақы екі рет өсті

1 сәуірден бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының биылғы 31 наурыздағы тапсырмасына сәйкес зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақыларды жылдық тұрғыда 10%-ға индексациялауды жүргізді. Осылайша 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақының ең төменгі мөлшері 40 441 теңгені құрады.

Жыл басынан бері зейнетақы екі рет өсті

Яғни осы жылы зейнетақы екі рет көтерілді. Қалай? Бұл туралы министрлік былайша түсіндірді:

♦ 2020 жылдың 1 қаңтарынан инфляцияның болжамды деңгейі ескеріле отырып, базалық зейнетақыға 5%, ал жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдеріне 7% (инфляция деңгейінен 2%-ға артық) кезекті рет жыл сайынғы индексация жасалды.

♦ 2020 жылдың 1 сәуірінен жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдері 2020 жылға дейін тағайындалғанымен қоса осы жылғы 1 қаңтар мен 31 наурызда бекітілген бөлігі 5%-ға жоғарылады.

√ Бірінші мысал: бір ер кісіге 18.11.2019 жылдан бері 43 000 теңге ынтымақты зейнетақы тағайындалды делік. Оның зейнетақысы жыл сайынғы қайта есептеу аясында 2020 жылдың 1 қаңтарынан 46 010 теңгені құраса, 1 сәуірден бастап аталған ынтымақты зейнетақы тағы 5% өсіп, 48 311 теңге болады (46 010+5%=48 311).

√ Екінші мысал: бір әйел адамға 12.03.2020 жылдан 52 000 теңге тағайындалды деп алайық. 1 сәуірден бастап 5% өсімді ескерсек, бұл ынтымақты зейнетақы 54 600 теңгеге жетті (52 000+5%=54 600).

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлеміне келер болсақ, ол «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңының 4-бабына сай, 2020 жылдың 1 сәуірінен ең төменгі күнкөріс деңгейінің жаңа сомасы бойынша пайыздық мөлшерде айқындалады.

√ Мысалы, бір ер адамға 20.12.2019 жылдан бері 26 729 теңге немесе күнкөріс деңгейінен 90% базалық зейнетақы тағайындалды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан оның мөлшері, күнкөріс деңгейінің жыл сайынғы өсімін назарға алсақ, 28 065 теңгені көрсетіп, 2020 жылдың 1 сәуірінен 29 402 теңгені құрады (яғни биылғы 1 сәуірден ең төменгі күнкөріс деңгейі 32 668 теңге болып бекітілді, оның 90%-ы=29 402).

Осы орайда, «2020 – 2022 жылдардағы республикалық бюджет туралы» заңына енгізілген өзгертулерге сәйкес, 1 сәуірден бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері 40 411 теңге болды.

Тиісті қадамдар 2,2 миллионнан астам зейнеткерді қамтиды.

Бөлісу:
Жыл басынан бері зейнетақы екі рет өсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар