Спорт
1 мин оқу 293
Су добынан әлемдік лига ойындары күзге ауыстырылды
<p style="text-align: justify;">Халықаралық су спорты түрлері федерациясы (FINA) су спортынан өтетін әлем чемпионаттары мен басқа да жарыстардың өту мерзіміне өзгеріс енгізіп жатыр.</p>

Бұған дейін FINA әртістік жүзуден әлем кубогінің сегіз кезеңін өткізбеу туралы шешім қабылдаған болатын. Жақында су добынан өтетін Әлемдік лига ойындарының ауыстырылғаны мәлім болды.
Турнирдің әйелдер арасындағы суперфиналы 9-14 маусымға, ерлер арасындағы суперфинал 23-28 маусымға жоспарланған болатын. Коронавирус індетіне байланысты ұйым турнирдің финалдық кезеңін 2020 жылдың қыркүйек және қазан айларына қалдырды. Әзірге нақты өту мерзімі анықталған жоқ.
Бөлісу: