Аймақтар
1 мин оқу 185

ШҚО полицейлері ірі көлемде есірткі тәркіледі

<p style="text-align: justify;">Риддер қаласы тұрғынының көлігі мен гаражынан есірткі табылған деп хабарлады&nbsp;ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі.</p>

ШҚО полицейлері ірі көлемде есірткі тәркіледі

Мәліметке сүйенсек, Риддер қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері өткізген арнайы операция барысында заңсыз айналымдағы есірткі тәркіленді.

– 37 жастағы ер адамның Volkswagen Passat көлігінен полимерлі пакеттегі өткір иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат табылды. Бұдан бөлек, оның гаражынан дәл осындай зат салынған 5 қорап анықталған. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, бұл кептірілген марихуана болып шықты. Сондай-ақ тінту барысында күдіктіден 200 мың теңге тәркіленген, – делінген ведомство мәліметінде.

Есірткінің жалпы салмағы 43 келіден асады. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткiні өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Бөлісу:
ШҚО полицейлері ірі көлемде есірткі тәркіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар