Аймақтар
1 мин оқу 235

Жаңа жұмыс орындары ашылады

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таяу&shy;да ғана төтенше жағдайда елді жұмыссыздық жайламас үшін халықты ең&shy;бек&shy;&shy;пен қамтудың нақты жо&shy;ба&shy;&shy;ларын іске асыруды тап&shy;сыр&shy;ған болатын.</p>

Жаңа жұмыс орындары ашылады

Маңызды тапсырма об­лыс­тық әкімдікте арна­йы талқыланып, қосымша жұ­мыс орындарын ашу мә­се­­­лесі пысықталды. Өңір бас­­шысының айтуынша, Қос­та­най облысында «Жұ­­мыспен қамтудың жол кар­тасы» аясында 13 435 жұмыс орны пайда болады. Қазірдің өзінде жаңа жұмыс орындарына тартылатын 6 718 адам белгілі болып отыр. Бағдарлама бо­йынша шалғайдан келіп жұ­мыс­қа орна­ласушылардың қо­лына бір­ден 85 мың теңге көтермеақы ұста­тыл­ады.

Сондай-ақ мобильді жұ­мыс­­шы күшін қабылдау орындары құрылады. Жұмысқа орналасушылар осы жерден коронавируске тестілеуден өтіп, арнайы бөлінген көлік­пен жаңа жұмыс орнына жет­кі­зіледі.

– Бұл бағыттағы түсіндіру жұ­­мыс­тарына Nur Otan партиясы мен қоғамдық ұйымдар белсене кірісуі керек. Бағдарламаға тар­тыл­ған кәсіпорындар жұмысқа орналасушыларға жақсы жағдай жасап, қорғаныш құралдарымен қамтуы керек, – деді облыс әкімі.

Архимед Мұхамбетов бизнес саласына да үлкен қолдау көрсетілетінін айтты. Облыстың шағын және орта бизнес саласында 51 494 кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындарда 160 мыңға жуық адам тұ­рақ­ты еңбек етеді. Олардың қыс­қар­туға түсіп қалмай, айлық жа­ла­­қ­ы­сын уақтылы алып отыруын қамтамасыз ету үшін көп­­те­ген кәсіпорынның несие төлем­ін­ің мерзімі шеге­рі­­ліп, салықтан босатылды. Мәсе­лен, сауда орындары мен дәм­ханалар, транспорт, туризм, қонақ үй бизнесімен ай­на­лысатын кәсіпкерлер 1 сәуір­­ден бастап қазан айына дейін жарты жыл бойы салық төлеу­ден бо­сатылды.

Қостанай облысы

Бөлісу:
Жаңа жұмыс орындары ашылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар