Саясат
2 мин оқу 251

Ел ертеңіне сенімімізді нығайтты

<p style="text-align: justify;">Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус індеті мен әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты жарияланған &laquo;Бірлесе білген ел бәрін жеңеді&raquo; атты мақаласын ел қатарлы мен де байыппен оқып шықтым.</p>

Ел ертеңіне сенімімізді нығайтты

Ең алдымен, бұл мақаланы 30 жыл бойы қалыптасқан дәстүрдің жалғасы ретінде қабылдадым. Өйткені Елбасы қандай қиын кезең болсын, халықпен кеңесіп, бір-біріне тірек болып келеді. Мұны Елбасы мақаласында «Тәуелсіздік жылдары ел өмірі­нің ең қиын да күрделі кезең­дер­інде мен кез келген мәселені қа­дір­менді отандастарыммен бір­ге бүк­песіз, ашық талқыға са­лып, туған халқыммен үнемі ой бөлі­сіп келемін» деп өзі де атап өтті.

Тұңғыш Президент жер-жа­һанды қауіпті індет жайла­ған қазіргі сын сағатта да ауырт­па­лықты халықтың сабыр­лы­ғының, ерік-жігерінің арқасында аман-есен жеңетінімізге сендіреді. Мұн­дай сенімділікке негіз де жоқ емес. Еңселі ел болып іргемізді бекіткен осы күнге дейін ел­ді­гіміз бен бірлігіміз сынал­ған та­лай дағдарысқа тап келдік. Елба­сының көшбасшылығымен қан­дай қиындық болсын, бәрін еңсеріп, елдің тұтастығы мен тұ­рақтылығына сызат түсірмедік.

Әрине бұл мақаланың зауал­ды шақтан нақты жүйелі жұ­мыс­пен жол тауып шығуды нұсқайтын көреген кеңеске құ­­рыл­­ғанын ұғынып отырмыз. Мұ­ның бір мы­салы, Елбасы Ұлт­тық қоры­мыз бү­­гі­ні­мізге ғана емес, ер­теңімізге деген се­­ні­мі­мізді күшейте түсетінін айтты. Ұлт­­тық қор тұрғанда әлеуметтік сая­сат­­ты толықтай жүзеге асы­руы­мызға мүм­кін­­­ді­гіміз бар. Бірақ қорымыз ортайып қал­­мас үшін оны толтырып отыруды да ес­­тен шы­­ғар­майық. Бұл ретте эконо­­­ми­­каны дамыту басты назардан түспеуі тиіс.

Елбасы дағдарыс қысқан уақытта жедел түрде ұтымды ше­шім қабылдап, тиімді рефор­малар жүргізуге болатынын қан­ша мәрте дәлелдеп көрсетті. Сол сияқты дәл осы кезде қара­пайым маска мен дезинфекция құралдарының тапшылығы се­зілгенде, біздің кәсіпкерлер нақ­ты іске кірісіп, осындай өнім­дерді өздері де шығара баста­ды. Сондықтан бірлігіміз бар жерде тірлігіміз де тиянақты болып, барлық қиындықты жеңіп шы­ғамыз!

Бейбіт Мамраев,

Мәжіліс депутаты

Бөлісу:
Ел ертеңіне сенімімізді нығайтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар