Қазақстан
1 мин оқу 260
Қазақстанда масканың шекті бағасы белгіленді
<p style="text-align: justify;">Қазақстанда Сауда және интеграция, Ұлттық экономика және Денсаулық сақтау министрлерінің бірлескен бұйрығы бойынша масканың шекті бағасы белгіленді.</p>

Аталған құжатқа сәйкес, медициналық маскалардың бір данасы үшін 118 теңге көлемінде шекті бағасы қойылды.
Осы бұйрықтың орындалуын Денсаулық сақтау, Сауда және интеграция, Ұлттық экономика министрліктерінің тиісті салаға жетекшілік ететін вице-министрлері бақылауға алатын болды.
Бірлескен бұйрық ресми түрде жарияланған күннен бастап заңды күшіне енеді.
Бөлісу: