Қазақстан
1 мин оқу 280

Джек Ма Қазақстанға медициналық қорғаныс құралдарын жолдады

<p style="text-align: justify;">2020 жылғы 10 сәуірде Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің қолдауымен Шицзячжуан қаласынан (Хэбэй провинциясы ) &laquo;Джек Ма&raquo; және &laquo;Alibaba&raquo; қорларынан медициналық қорғаныс құралдары Алматы қаласына жеткізілді. Бұл туралы СІМ хабарлады.</p>

Джек Ма Қазақстанға медициналық қорғаныс құралдарын жолдады

Көлемі 4,5 тонна құрайтын гуманитарлық жүктің ішінде 500 мың түрлі медициналық маска, 5 мың қорғаныш костюм, 50 мың медициналық қолғап, сондай-ақ түйіспесіз термометрлер бар.

Сонымен қатар, алдағы күндері аталмыш қорлар Қазақстанға СOVID-19 вирусын анықтайтын экспресс-тестілерін және өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберуді жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Джек Ма Қазақстанға медициналық қорғаныс құралдарын жолдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар