Коронавирус
1 мин оқу 1,224

Атырау облысында коронавирус жұқтырған 11 адамның қай аудандардан екені белгілі болды

<p style="text-align: justify;">Ауру жұқтырғандардың 2 жағдайы Атырау қаласынан, 9 жағдайы Жылыой ауданынан тіркелді <em>(11.04.2020 жылғы сағат 10:15мәлімет бойынша)</em>. Бұл жайында&nbsp;Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.</p>

Атырау облысында коронавирус жұқтырған 11 адамның қай аудандардан екені белгілі болды

Барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Науқастардың жағдайы қазір қанағаттанарлық,бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

11.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 59 адам анықталды.

Бөлісу:
Атырау облысында коронавирус жұқтырған 11 адамның қай аудандардан екені белгілі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар