Коронавирус
1 мин оқу 190

Қызылорда: Тағы 12 адам вирус жұқтырған

<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысында бір тәулік ішінде тағы 12 адамның вирус жұқтырғаны белгілі болып отыр. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникация алаңындағы брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов хабарлады.</p>

Қызылорда: Тағы 12 адам вирус жұқтырған

– Жаңадан анықталған жағдайдың 9-ы Сырдария ауданындағы Амангелді ауылынан байқалып отыр. Тағы екі науқас Арал ауданынан шықты. Бұлар бұрын індетке шалдыққандармен қарым-қатынаста болғандар. Осыған дейін індеттен іргесін аулақ салып келген Қазалы ауданында алғашқы оқиға тіркелді. Майдакөл ауылынан анықталған адам Нұр-Сұлтан қаласынан келген. Бұл жаңадан табылған инфекция ошағы, – дейді облыстың бас дәрігері.

Бүгінгі күнге облыс бойынша вирус жұқтырғандар саны 116-ға жетті. Олармен байланысты болған 1227 тұрғын анықталды. Бас дәрігердің айтуынша Сырдария ауданындағы науқастар көп тіркелген Амангелді ауылы қазір карантинге жабылған. 

Бөлісу:
Қызылорда: Тағы 12 адам вирус жұқтырған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар