Аймақтар
1 мин оқу 1,130

Қызылорда: Қоғамдық көліктердің жүру уақыты шектелді

<p style="text-align: justify;">Қызылорда қаласындағы эпидемиялогиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты&nbsp; бүгіннен бастап карантиндік режимдегі қосымша шектеу шаралары енгізілді.</p>

Қызылорда: Қоғамдық көліктердің жүру уақыты шектелді

Соған байланысты қаладағы қоғамдық көліктердің жүру уақыты шектеліп отыр. Қоғамдық көліктер енді таңғы 7:00-9:00, түскі 13:00-15:00, кешкі 18:00-20:00 аралығында ғана жүреді.

Қаладағы және қалаға қарасты елді мекендердегі (кәсіпкерлік нысандар, мемлекеттік маңызы бар нысандар және жеке тұрғын үйлер) барлық құрылыс нысандарының жұмысы 12 сәуірден - 22 сәуірге дейін тоқтайды. 

Шектеу шараларына сәйкес коронавирустық індетпен күресуге қатыстырылған мекемелерді қоспағанда меншік нысанына қарамастан барлық мекемелер қызметкерлерінің 80 пайызы  қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшіріледі.

Бөлісу:
Қызылорда: Қоғамдық көліктердің жүру уақыты шектелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар