Аймақтар
1 мин оқу 1,033

Атырау: Жанбайдың 4 тұрғыны 3 тәулікке қамалды

<p style="text-align: justify;">Жанбай &ndash; Исатай ауданындағы ірі елді мекен. Төтенше жағдай енгізілгеніне қарамастан, осы ауылдың 4 тұрғыны түнгі мезгілде аудан орталығына барған.&nbsp; Бұл олардың 3 тәулікке қамалып қалуына басты себеп болып отыр.</p>

Атырау: Жанбайдың 4 тұрғыны 3 тәулікке қамалды

«Жанбай ауылының төрт тұрғыны төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген талаптарды орындамаған. Олар  2020 жылы 7 сәуірде түнгі сағат 22.30 шамасында Аққыстау ауылындағы Егемен Қазақстан көшесінің бойында топтасып жүрген. Кешкі сағат 21:00-ден кейін көлік құралымен себепсіз көшеде жүріп, төтенше жағдай режимін бұзған» -деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Осыған байланысты  толтырылған әкімшілік хаттамамалар Исатай аудандық сотына жолданған. Сотта төтенше жағдай режимін бұзу фактісіне қатысты  4 әкімшілік іс қаралды. Құқық бұзушылар «TrueConf»  қосымшасы арқылы сот отырысына қатысып, өздерінің кінәларын мойындады.

Сот қаулыларымен құқық бұзушылар кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

 Жұмасат ҒАЗИЗ

Бөлісу:
Атырау: Жанбайдың 4 тұрғыны 3 тәулікке қамалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар