Әлем
1 мин оқу 340

Ұлыбританияның премьер-министрі ауруханадан шықты

<p style="text-align: justify;">Коронавирустан емделіп жатқан Борис Джонсон Лондондағы Сент-Томас ауруханасынан шықты, деп хабарлайды ВВС.</p>

Ұлыбританияның премьер-министрі ауруханадан шықты

Даунинг-стриттің хабарлауынша, премьер-министр дәрігерлердің кеңесі бойынша жұмысына әзірге оралмайды.

«Борис Джонсон көрсеткен көмегі үшін Сент-Томас ауруханасының барлық қызметкеріне алғыс айтты» делінген мәлімдемеде.

Еске сала кетейік, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон 27 наурызда өзінің коронавирус жұқтырғанын растаған еді. Ол содан бері оқшауланып, мемлекетті үйінен басқара бастаған.

Бөлісу:
Ұлыбританияның премьер-министрі ауруханадан шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар