Аймақтар
1 мин оқу 220

Сарбаздар қайта сапқа тұрды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының &laquo;Әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы&raquo; Жарлығына сай, Қарағанды облысында еріктілердің тізімі жасалды. Осыған орай Отан алдындағы парызын өтеуге 95 адам ниет білдіріп, арнаулы жиынның талабын қабыл алды.</p>

Сарбаздар қайта сапқа тұрды

Айта кететін бір жайт, резерв­­ш­ілер тек кеншілер аста­на­­сы бойынша ғана таңдалды. Қа­­ра­­ғанды облысының ж­ұ­мыл­­­ды­ру дайындығы жө­нін­­дегі басқарма басшысы Жомарт Жылқыбаев өңірдің басқа қалалары мен аудандарында арнаулы жиындар өткізудің әзір­ге жоспарда жоқ екенін ай­та­ды.

Сондай-ақ басқарма бас­шы­сының әскерге шақы­ры­лу­шы­лардың бір ай бойы қала аума­­ғын санитарлық өңдеу үшін қосымша күш ретінде жұ­мыл­дырылатынын атап өтті. Оларды мамандар алдын ала оқытады екен.

– Әскери міндеттілердің барлығы киім-кешекпен, қор­ға­ныш костюмдерімен және құ­рал­­дармен қамтамасыз етіле­ді. Күніне үш рет та­мақ­та­нады. Мем­лекет есебінен арнаулы жиынға қатысушыларға еңбек­ақы төленеді. Олардың ішіндегі бұрын жұмыс істемегендері 42 500 теңгеден алады. Ал жұмыс істейтін әскери міндеттілер бұрынғы еңбекақысын жоғалт­пай­ды. Жұмыс орнынан анық­та­ма бойынша оларға орташа айлық еңбекақы төленеді. Жи­ын барысында жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақталады, – дейді Жомарт Жылқыбаев.

Қарағанды облысы

Бөлісу:
Сарбаздар қайта сапқа тұрды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар