Аймақтар
1 мин оқу 1,100

Қызылорда: Індет қайта белгі берді

<p style="text-align: justify;">Соңғы тәулікте тыншып қалғандай көрінген вирусқа Қызылордадан бүгін тағы 3 адам шалдығыпты. Бір қуанарлығы, бұрынғыдай дертті топтап жұқтырудың беті қайтқан сияқты. Бұл түрлі шектеу шаралары мен мамандардың тынымсыз жұмысының нәтижесі.</p>

Қызылорда: Індет қайта белгі берді

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында брифинг өткізген облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов жаңадан тіркелген науқастар жайлы тарата айтты.

- Үш науқастың біреуі Жаңақорған ауданынан, ал екеуі Шиеліден тіркеліп отыр. Бұлар бұрын науқаспен қарым-қатынаста болғандар ретінде карантиндік бақылауға алынған. Қазір үшеуі де ауруханаға жатқызылып, тиісті емдеу шаралары басталды. Осымен облыста вирус жұқтырғандар саны 119-ға жетті, – деді облыстың бас дәрігері.

Бөлісу:
Қызылорда: Індет қайта белгі берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар