Кеселді көптің күші жеңеді
<p style="text-align: justify;">Бүгін өңірдегі коронавирус індетін болдырмау бағытындағы жұмыстар мен карантиндік шаралар жайлы облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет брифинг өткізді.</p>

Облыс әкімінің орынбасары брифингте ең алдымен әр тұрғынның қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан шектеу шараларына түсіністікпен қарауға шақырды.
Төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлердің де көмегі аз болып отырған жоқ. Осы уақытқа дейін аймақтағы жеңіл өнеркәсіп орындары миллионға жуық бетперде тігіп, оның жартысы тұрғындарға тегін таратылды. Жергілікті кәсіпкерлердің бірі вирус жұқтырғандарды емдеп жатқан дәрігерлерді қала орталығындағы қонақүйіне орналастырды. «Казпетролгруп» ЖШС басшылығы компания атынан 120 дәрігерге 100 мың теңгеден сыйақы табыстады.
Облысәкімінің орынбасары бүгін аймақ басшысының жетекшіліген өткен штаб отырысында басқа да маңызды мәселелер қаралғанын айтып өтті.