Аймақтар
1 мин оқу 286

Шымкентте індетпен күресуші дәрігерлерге жағдай жасалынған 

<p style="text-align: justify;">Шымкентте тәулік бойы жұмыс істеп жүрген медицина мамандарына қонақүйден орын берілді. Бұл - қауіпті ошақта жұмыс істейтін ақ халатты абзал жандардың отбасын сақтау мақсатында және қауіпсіздік жұмыстарын күшейту үшін қолға алынған қадамдар.</p>

Шымкентте індетпен күресуші дәрігерлерге жағдай жасалынған 

Жалпы қонақүйде коронавируспен күресіп жатқан 100-ден астам қызметкерге орын дайындалған.

Мұнда медицина қызметкерлерінің тынығып, демалуына бар жағдай жасалған. Күнделікті үш мезгіл тамағы беріліп, бөлмелері залалсыздандырылып тұрады.

Айта кетейік, қонақүйге орналастырылған мамандар Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері.

Бөлісу:
Шымкентте індетпен күресуші дәрігерлерге жағдай жасалынған  · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар