Аймақтар
1 мин оқу 310
Шымкентте карантин кезінде 57 мәдени іс-шара онлайн өтеді
<p style="text-align: justify;">Әлемді үрей құшағына алған коронавирус індетімен күреске тек дәрігерлер ғана емес, мәдениет саласының қызметкерлері де үлес қосуда.</p>

Естеріңізге салар болсақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен еліміздің өнер жұлдыздары карантин жағдайында онлайн концерт ұйымдастырып, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда.
Осы жақсы дәстүрдің жалғасы ретінде Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы 13-19 сәуір аралығында өтетін онлайн іс-шаралар тізімін жариялады
«13-19 сәуiр аралығында жалпы 57 мадени iс-шараны онлайн откізуді жоспарлап отырмыз. Осы орайда қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының әртістері күн сайын тікелей эфирде өнер көрсетеді», дейді басқарма басшысы Рашид Мыңбаев.
Шымкент
Бөлісу: