Видео
1 мин оқу 410

Балаларға базарлық. Сараң бақа

<p style="text-align: justify;">Табиғаты айрықша Алтай жері аңыз-әңгімеге бай. Заңғар таулар мен гүрілдей аққан өзені, алтын тостағандай жалтыраған көлдері көздің жауын алса, қойнауы үйір-үйір жылқы мен қойға толған. Салтанат апаның бүгінгі ертегісі құпияға толы Алтайдың бір түкпірінде&nbsp; өтеді. Ертегі бақа мен құмырсқалар арасындағы қайшылыққа құрылған. Бақа сараң ба? Әлде шынын айтып құмырсқаларға жем болуы керек пе еді? Кінәліні анықтау қиын.&nbsp;</p>

«Балаларға базарлық» – «Egemen Qazaqstan» газеті мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театрымен» бірлескен жобасы. Egementv YouTube арнасынан күн сайын кешкі 19-00 сағатта беріледі.

Ертекші: «Қуыршақ» театрының әртісі Салтанат Мағзым;

Ертегіні құрастырған Мейіржан Сандыбай;

Үйлестіруші Ая Өміртай.

Бөлісу:
Балаларға базарлық. Сараң бақа · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар