Қоғам
2 мин оқу 740

Алтай табиғатының алапатын асырады

<p style="text-align: justify;">Жуырда дәстүрлі Халықаралық құстар күнінде жабайы табиғат пен қорықтық орындарға арналған &laquo;Алтай табиғаты&raquo; атты халықаралық фотосуреттер байқауы басталды. Бұл байқауға елімізбен қатар Ресей Федерациясының Алтай өлкесі мен Алтай Республикасы, сондай-ақ Моңғол және Қытай Алтайы аумақтарында түсірілген фотосуреттер қабылданады.</p>

Алтай табиғатының алапатын асырады

Биылғы байқауға қаты­су­шы­лар үшін кейбір өзге­ріс­тер­ді айта кетелік. «Живая природа Алтая» атауымен таны­мал жоба соңғы жылдары кеңе­йе түсті. Серіктестердің саны артып, жаңадан номинация­лар қосылды. Мәселен, «Живая природа Алтая» X халы­қа­ра­лық фотобайқауы 9 аталым­нан тұрады: «Пейзаж», «Жан­уар­лар», «Өсімдіктер», «Мик­ро­әл­ем», «Мобильді фотосурет», «Тірі табиғат видеосы», «Тірі та­биғат минуты», «Тірі табиғат туралы эссе» және бонустық номинация «Қорықтық Алтай». Жа­ңа­дан қосылған «Тірі таби­ғат ми­нуты» аталымына қаты­су­шының жеке Instagram парақ­ша­­­сында орналастырылған және #МинутаЖивПА2020 хеш­­­тегімен белгіленген видео­лар кіреді. Тағы бір жаңалық, «Ті­рі табиғат туралы эссе» но­ми­на­циясы сурет авторының берген тақырыптағы ойлары мен әсерлерін білдіретін ша­ғын көлемді және еркін ком­по­зи­ция­дағы шығарма. Сонымен қатар байқау жұмыстарын ре­сім­­деуді жеңілдету үшін сауалдама ұсынылды, оны толтырып, тиісті түрде қол қойылған фото­суреттерді қоса отырып, кон­курс­қа қатыса аласыз.

Жұмыстар 2020 жылдың 1 сәуірінен 30 қыркүйегіне дейін қабылданады. 27 қара­ша­да Ресейдің Барнауыл қала­сын­дағы Алтай әдебиет тари­хы, өнер және мәдениеті мемле­кет­тік мұражайында үздік жұ­мыс­тар­дың фотокөрмесінің салтанатты ашылуы өтпек. Сондай-ақ жеңімпаздарды марапаттау 2021 жылдың 29 қаңтарында өтеді. «Қорықтық Алтай» номи­на­ция­сы­ның жеңімпазы жыл фотографы және «Живая природа Алтая – 2020» конкурсының бас жеңімпазы болып жарияланады.

Ұйымдастырушылар қата­рын­да Алтай әдебиет тарихы, өнер және мәдениеті мем­лекет­тік мұражайы, Алтай Рес­пуб­­­ли­касының А.В.Анохин ат­ын­дағы ұлттық мұражайы, «Тигирек» мемлекеттік қоры­ғы, «Катунь» мемлекеттік та­би­ғи биосфералық қорығы, Алтай мем­лекеттік табиғи биос­фе­ра­лық қорығы, «Сай­люгем» ұлттық паркі және еліміздің «Катон­қа­рағай мемлекеттік ұлттық таби­ғи паркі» республикалық мем­ле­кет­тік мекемесі бар.

Бөлісу:
Алтай табиғатының алапатын асырады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар