Аймақтар
1 мин оқу 174

Көмек көрсетіледі деп ойлаған да жоқ едік

<p style="text-align: justify;">Біздің аурухана Қытайда COVID-19 анықталып, тарала бас&shy;таған кезден бастап оқу-жат&shy;тығудан өтіп, сақадай сай болдық деп айтуға болады. Жалпы біздің мамандық түрлі жұқпалы аурулармен тікелей күресетіндіктен ба&shy;сымызды қауіп-қатерге тігіп, кез келген жағдайға дайын жү&shy;реміз. Сондықтан да еш уақытта қорықпай, қызметімізді адал атқаруға күш саламыз.</p>

Көмек көрсетіледі деп ойлаған да жоқ едік

Індетті жұқтырған нау­қас­тар­мен тікелей қарым-қаты­нас­та жұмыс істедік. Қорға­ныш құ­рал­дарын толық пайда­лан­ғанның нәтижесінде әріптес­терімнің ешқайсысына ауру жұқ­қан жоқ. 22 наурыздан 5 сәуір­ге дейін дем­ал­мастан, тәулік бойы ауруха­нада қызмет еттік. Биыл 55 жастамын. Үш балам бар. 13 жас­­тағы кенжеміз қазір әке­сімен бірге үйде. Бізге үйге қай­туға бол­майды. Қазір демалыс орталы­ғындамыз. Бұл жерде дема­луы­мызға барлық жағдай жасалған. Жұмысқа барып жүрген медицина қызметкерлері осында орналастырылған.

Мен медицина қызмет­кер­лері­нің қауіптілігі аса жоғары 1-то­бына кіремін. Президент бе­кіткен қаражатты толық алдым. Бірақ біз бастапқыда ақша беріледі деп ойлаған да, дәметкен де жоқпыз. Тек науқастарды емдеп, аурудың өршімеуі үшін ба­ры­­мызды салып еңбек етуді ғана ой­ладық. Өйткені бұл – біз­дің мін­детіміз. Еңбегімізді баға­лап жат­қан Мемлекет басшысы­на шексіз ризашылығымды білді­ремін. Бұл бізге деген үлкен құр­мет, қамқорлық. Мұндай қол­дау­лар өз ісімізге деген жауап­кер­шілікті де арттыратыны сөзсіз.

Майра НҰРҒАЛИЕВА,

Ақтөбе облыстық инфекциялық ауруханасының инфекционист дәрігері

Бөлісу:
Көмек көрсетіледі деп ойлаған да жоқ едік · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар