Аймақтар
1 мин оқу 490

Маңғыстау: Ереже бұзған 129 көлік айып тұрағына жабылды

<p style="text-align: justify;">Covid-19 инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында елімізде жарияланған Төтенше жағдай аясында жүргізілген рейд нәтижесінде 2020 жылдың 16-наурызынан бастап 129 көлік режимді бұзғаны үшін көлік тұрағына орналастырылды. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.</p>

Маңғыстау: Ереже бұзған 129 көлік айып тұрағына жабылды

Облыста карантин басталғаннан бері 224 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 41-і қамауға алынды, 31 тұлғаға айыппұл салынған.

Сондай-ақ, шектік уақыттан кейін көшеде себепсіз жүргені үшін 84 адам ҚР әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде біреуі қамауға алынып,  23 адамға айыппұл салынды.

Бүгінгі таңда  полиция бөлімшесінің барлық қызметкерлері жаяу және жол-патрульдік жұмыстарға жұмылдырылды. Ұлттық гвардия әскерлері тұрғындарға үйде болу қажеттілігі туралы түсіндіру шарасына тартылды. Облыста 8 блоктық және 7 жылжымалы посттар ұйымдастырылды.

 

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Маңғыстау: Ереже бұзған 129 көлік айып тұрағына жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар