Аймақтар
1 мин оқу 425
Қостанай облысында коронавирус жұқтырған тағы екі адам анықталды
<p style="text-align: justify;">Қостанай облысында коронавирус жұқтырғандардың саны бесеуге жетті. Облыс әкімдігі жанынан құрылған жедел ақпарат штабының мәліметінше, 12 сәуірде Жітіқара қаласында екі егде жастағы адам қызуы көтеріліп ауруханаға түскен.</p>

Дәрігерлер науқастарды жедел зертханалық тексеруге жібереді. Бүгін диагностикалық зерттеу қорытындысы бойынша олардың екеуінің де короновирус жұқтырғаны анықталып отыр. Науқастардың бірі - 74, екіншісі 65 жаста. Қазір екеуі де госпитальға жатқызылды. Науқастармен байланыста болған адамдардың барлығы анықталып, медициналық бақылауға алынған.
Қостанай облысы
Бөлісу: