Саясат
1 мин оқу 452

Қазақстан нота жолдады

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қы&shy;тай&shy;дың еліміздегі елшісі Чжан Сяомен кездесу өтті. Онда қа&shy;зақ&shy;стан&shy;дық тарап қытайлық www.sohu.com сайтындағы &laquo;Қа&shy;зақ&shy;стан неге Қы&shy;тайға оралуға тыры&shy;сады?&raquo; атты мақалаға қатысты наразылық білдірілді.</p>

Қазақстан нота жолдады

«Қытай елшісіне мұндай сипаттағы мақаланың жариялануы 2019 жылғы 11 қыркүйекте мемлекеттер басшылары қол қойған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен мәлімдемесінде айқындалған мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріп­тестік рухына сәйкес келмейтіндігі айтыл­ды. Тараптар ақпарат тарату және БАҚ са­ласында тығыз өзара ықпалдасуға келісті», делінген Қазақстан Сыртқы істер министр­лігінің ақпаратында.

Сондай-ақ Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігі ҚХР Сыртқы істер министрлігіне тиісті нота жолдағаны белгілі болып отыр.

Бөлісу:
Қазақстан нота жолдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар