Аймақтар
1 мин оқу 512
Атырау: Қала маңында қамыс жанды
<p style="text-align: justify;">Бүгін Атырау қаласының маңындағы өнеркәсіптік аймақтан бірнеше ондаған метр қашықта қамыс өртенді.</p>

Алайда, қалың қамыстың неден тұтанғаны белгісіз. Дегенмен, 20 м/секунд жылдамдықпен соққан жел өртті өршітіп жіберген. Қара түтін жаңа шағынауданның үстімен өтіп жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қамыс өртін сөндіруге тікұшақ экипажын жұмылдыру жоспарланып отыр.
Жұмасат ҒАЗИЗ
Бөлісу: