Аймақтар
1 мин оқу 200

Қарағанды облысы: Біреуі жұқтырып, екіншісі жазылып шықты

<p style="text-align: justify;">Бүгін Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы бір оқиғасы зертханалық негізде расталды. Отыз жастағы науқас әйел бұрын ауырғандармен байланыста болған деген күдікпен үй карантинінде болған екен.</p>

Қарағанды облысы: Біреуі жұқтырып, екіншісі жазылып шықты

Енді қуанышты хабарға көшейік. Бүгін, яғни 15 сәуір күні Қарағанды облысындағы ауруханадан коронавирус дертінен сауыққан тағы бір науқас шығарылды.

Жасы 28-дегі бұл әйел ауруханаға 27 наурызда жатқызылған екен. Ол бұрын коронавирус жұқтырған науқаспен жақын байланыс болыпты. Қазіргі уақытта толық емдеу курсын өткен науқас дертінен құлан-таза айығып шыққан. Енді ол үй карантинінде екі апта болады. Оған екі мәрте жасалған ПТР-тестілеу теріс нәтиже көрсетті.

Сонымен, 15 сәуірге дейінгі дерек бойынша, Қарағанды облысында «жаман тұмау» жұқтырған екі науқас жазылып шықты.

Қарағанды облысы

Бөлісу:
Қарағанды облысы: Біреуі жұқтырып, екіншісі жазылып шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар