Аймақтар
1 мин оқу 191

«Астана Энергия» мен «Абу-Даби Плаза» қызметкері вирус жұқтырған

<p style="text-align: justify;">&laquo;Астана-Энергия&raquo; АҚ ғимаратында және аумағында әскери бөлімдермен бірлесіп дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. <br /><br /><br /></p>

«Астана Энергия» мен «Абу-Даби Плаза» қызметкері вирус жұқтырған

Науқаспен жақын байланыста болған 11 адам (9 адам жұмыс барысында) үй карантиніне алынды. Ал коронавирусқа шалдыққан адам стационарда жатыр. Қауіп-қатердің жоқтығына байланысты кәсіпорын жұмысы жалғастыруда. Қызметкерлерді тасымалдау ұйымдастырылды. Көлік дезинфекцияланды. Қызметкерлер қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.

«Абу-Даби Плаза» қызметкері жарты айдан астам уақыт жұмыста болмағандықтан әріптестерімен қарым-қатынаста болмаған. Жақын қатынаста болған 2 адам анықталды (ұйым қызметкерлері емес). Қазіргі таңда біреуі стационарда, екіншісі  үй карантинінде. Науқас қызметкердің әріптестерімен қатынаста болмаса да, жұмыс уақытша тоқтатылды. Аумақта дезинфекция жүргізілді. 

Бөлісу:
«Астана Энергия» мен «Абу-Даби Плаза» қызметкері вирус жұқтырған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар