Аймақтар
1 мин оқу 190

Шымкенттік кәсіпкерлер 1900-дан астам отбасыға көмек көрсетті

<p style="text-align: justify;">Елбасы, &laquo;Nur Оtan&raquo; партиясы Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Үндеуіне орай елімізде бастау алған &laquo;Біз біргеміз!&raquo; республикалық акциясы аясында&nbsp;&nbsp;Шымкентте жәрдемге аса мұқтаж 1900-дан астам отбасыға санитарлық қорғану жиынтықтары және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түлік тапсырылды. Игі іске &laquo;Nur Оtan&raquo; партиясы белсенділері, &laquo;Jas Otan&raquo; жастар қанатының өкілдері мен еріктілер атсалысты.</p>

Шымкенттік кәсіпкерлер 1900-дан астам отбасыға көмек көрсетті

Акция аясында «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі, «Ордабасы» индустриалды аймақтың директоры Рысбек Бертаев Шымкенттегі 200 аз қамтылған отбасыға көмек көрсетті. Сондай-ақ қаладағы 1 Мамыр көшесі 22/2 мекенжайы бойынша орналасқан Бейімдеу орталығанда 50 қандастар отбасына азық-түлік жиынтықтары мен гигиеналық заттар табысталды.

Сонымен қатар, еріктілер сақтану шараларын ұстана отырып, «байланыссыз» тәсілмен санитарлық қорғану жиынтықтары және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түлікті 150 жағдайы нашар жетім балалардың отбасына жеткізді.

Шымкент

Бөлісу:
Шымкенттік кәсіпкерлер 1900-дан астам отбасыға көмек көрсетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар