Медицина
1 мин оқу 307

Еңбегіміздің еленгені қуантады

<p style="text-align: justify;">Медицина елдің экономикасы мен әлеуетін арттыратын салмақты сала деп білемін. Бүгінгі таңда әлем жұртшылығын алаңдатып отырған індетке қарсы күш жұмылдырған көптеген ел дәрігерлерінің қадір-қасиетін терең түсінгендей болды. Павлодар облыстық ауруханада дәрігер-инфекционист болып жұмыс атқарамын, жұмыс өтілім &ndash; 7 жыл.</p>

Еңбегіміздің еленгені қуантады

Қазіргі күні төтенше жағ­дайлар режімінде жұмыс істеп жүрміз, карантиндеміз. Бүгін отбасымыздан алыста жүргенімізге 22 күн болды. Менің міндетім – коронавирусқа күдіктенген нау­қасты қабылдау, ауруханаға жат­қызу, күнделікті қарау, ем тағайындау, ауруханадан шығару. Біздің еңбегіміз бен батыл­дығымызды бағалап, қазы­надан төлемақы беруге шешім шығарған Мемлекет басшы­сына алғысымыз шексіз. Дәрігер­лерге, әсіресе жұқпалы аурулармен күресіп жүргендерге әр­дайым қолдау көрсетіп, еңбегі бағаланып, оларға ылғи да жақ­сы ақша төленуі керек деп есеп­теймін. Себебі біздің маман­дығымыз өте қауіпті, күнделікті әртүрлі жұқпалы аурулармен бетпе-бет келіп жатамыз.

Қымбат ТЕМІРБЕКҚЫЗЫ,

Павлодар облыстық ауруханасының дәрігер-инфекционисі

Бөлісу:
Еңбегіміздің еленгені қуантады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар