Медицина
1 мин оқу 150

Бұл – мемлекетіміздің үлкен қолдауы

<p style="text-align: justify;">Біз 23 наурыздан 5 сәуірге дейін тәулік бойы ауруханада болып, үзіліссіз жұмыс істедік. Қасымда 3 дә&shy;рігер, 2 реаниматолог, 6 медбике, 6 кіші медицина қызметкері бол&shy;ды. Ауру жұқтырған және кү&shy;мәнді науқастармен тікелей қарым-қатынаста болып, емдедік, ау&shy;руын анықтадық. 14 күндік кезе&shy;гімізді атқарып болған соң об&shy;лыстық денсаулық сақтау бас&shy;қармасы қала сыртындағы демалыс орнына жіберді.</p>

Бұл – мемлекетіміздің үлкен қолдауы

Әрине дәрігер маман­дығы қа­шанда қиын, жауап­ты маман­дық. Осы ма­ман­дықты өзім таң­дағандықтан, басымды бәйгеге тігуге дайын­мын. Отбасымызды көрме­ге­ні­мізге 20 шақты күн болды. Ең қиыны сол екен. Бірақ бәрі де уақытша қиындық қой. 

Мен медицина қызмет­кер­лерінің қауіптілігі аса жоғары 1-тобына кіремін. Төлемақыны толық алдым. Бірақ біз ақша үшін жұмыс істеген жоқпыз. Өз кә­сіби міндетімізді атқардық. Осы еңбегімізді жоғары бағала­ған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа рахмет айтамын. Бұл мемлекеттің медицина қызмет­керлеріне жасаған үлкен қолдауы. Бәріміз де дән ризамыз.

Гүлмира ҚАЛМАҒАНБЕТОВА,

Ақтөбе облыстық инфекциялық ауруханасының инфекционист дәрігері

Бөлісу: